Қазақстандық теннисші Нұр-Сұлтан турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстандық Григорий Ломакин украиналық Владислав Манафовпен бірге жұптық сында елордада Forte Challenger 125 турнирінің ширек финалына шықты.
Қазақстандық-украиналық жұп бастапқы кездесуін үндістандық Нсриам Баладжи – словениялық Блаж Роламен өткізуі керек еді. Алайда қарсыластарының бірінің жарақатына байланысты Ломакин мен Манафов ойнамай-ақ ширек финалға жолдама алды.
Турнирге арнайы шақырту алған тағы бір қазақстандық Достанбек Ташболатов пен өзбекстандық Сергей Фомин төртінші ракетка болып тіркелген канадалықтар Петр Полански – Брайден Шнурмен күш сынасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или