WBA рейтингісі: Үздік ондыққа Ербосынұлы ғана енді
Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) <span>рейтингісі жаңартылды, деп жазады Prosports.kz.</span>
Супер орта салмақта жерлесіміз Айдос Ербосынұлы бірінші орында тұр. Ол сонымен қатар WBA International белбеуінің иегері. Бұл салмақтағы әдеттегі белбеу кубалық кіші Дэвид Моррельге тиесілі. Ал супер чемпион - мексикалық Сауль Альварес.
Жан Кособуцкий ауыр салмақта ТОП-15 тізімге енді (14-орын). Жеңілмеген қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегінде WBA International белбеуін жеңіп алды. Бұл салмақта британиялық Энтони Джошуа WBA титулының иегері.әдеттегі чемпион атағы америкалық Тревор Брайанның еншісінде.
Бірінші ауыр салмақтағы Серік Мұсәділов ТОП-15-тегі орнын сақтап қалды (14-орын). Бұл салмақта WBA Super титулы франциялық Арсен Гуламирянға, әдеттегі белбеу бельгиялық Рияд Мерхиге тиесілі.
ТОП-15 қатарына Садриддин Ахмедов те енді. Ол бірінші орта салмақта 15-орында тұр. Бұл салмақта чемпион америкалық Джермелл Чарло. Әдеттегі белбеу кубалық Эрисланди Лараға тиесілі.
Бірінші жартылай орта салмақтағы рейтингте Батыр Жүкембаев 14-орынға жайғасқан. Бұл салмақта Ұлыбритания боксшысы Джош Тейлор супер чемпион, ал америкалық Марио Барриос чемпион.
Евгений Павлов екінші жеңіл салмақта 12-ші орында тұр. Бұл салмақтың чемпионы - өзбек Муроджон Ахмадалиев. Әдеттегі белбеу америкалық Брэндон Фигуераға тиесілі.
<h4>Мәзімбаев Қоңқабевтың мансабы жайлы: Чемпиондық жекпе-жек те алыс емес</h4> <h4>WBC рейтингісі: Әлімханұлы чемпиондық атаққа жақындай түсті</h4>