Ілияс Сүлейменов алжирлік боксшыны 2-раундта нокаутпен ұтты

Ілияс Сүлейменов алжирлік боксшыны 2-раундта нокаутпен ұтты

Қазақстандық боксшы Ілияс Сүлейменов APB (AIBA Pro Boxing) турнирінің рейтингтік кездесуінде 52 келіге дейінгі салмақта алжирлік Мохаммед Флиссиді 2-раундта нокаутпен ұтты, деп хабарлайды Bnews.kz.

Бұл салмақта негізгі жекпе-жек ресейлік Миша Алоян мен мексикалық Элиас Эмиджио арасында өтті. Алоян мексикалықтан басым түсіп, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарының лицензиясын жеңіп алды.

Айта кету керек, турнирде 60 келіге дейінгі салмақта Қазақстан атынан сынға түсіп жатқан Берік Әбдірахманов 30 қаңтар күні өзбекстандық боксшы Хуршид Тожибоевты жеңіп, чемпион атанған болатын.

Bnews.kz cайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или