«Руслан қарсыласын құлатуы керек - басқа таңдау жоқ». Мәдиевтің менеджері - WBO титулы үшін өтетін жекпе-жек туралы
4 наурызда Пуэрто-Рикода Golden Boy промоушенінің жалғыз қазақстандық өкілі Руслан Мәдиев (13-1, 5 КО) карьерасындағы ең маңызды жекпе-жектердің бірін өткізеді. Қарсыласы «Зорро» лақапатымен танылған жергілікті Даниэлито Зорилья (14-0, 11 КО) болады.
Мәдиев 2019 жылдың шілдесінен бері алғаш рет рингке шығады, сол кезде АҚШ-та ол филиппиндік Рики Сисмундоны (35-15-3, 17 КО) жеңген болатын.
Руслан Мәдиевтің алдағы жекпе-жегінің мән-жайын Prosports.kz тілшісі боксшының ресми өкілі Ибрагим Хараевтан сұрады.
- Ибрагим, Руслан Мигель Коттоның промоушеніндегі проспект Даниэлито Зорилья мен кездеседі. Бұған дейін бұл жекпе-жек өткенін қалаймайтыныңызды айтып едіңіз.
- Иә, мен оның онымен жұдырықтасқанын қаламадым, өйткені Русланның үзілісі өте ұзақ болды. Мәдиевтің өзі бұл шешімді қабылдады, өйткені жасы да келіп қалды, сондықтан осы мүмкіндікті пайдаланып, темірді қызған сәтінде соғу керек. Біздің басқа қарсыласымыз болды, онда Руслан оны оңай жеңетіні анық болды, бірақ Зорильяның қарсыласы жекпе-жекке шыға алмайтын болды, олар бізге ұсыныс жасады. Шынымды айтсам, мен тіпті Пуэрто-Рико боксшысының командасының ұсынысын жасырғым келді, бірақ содан кейін бұл дұрыс емес деп шештім. Мен Русланға айтқан бойда, ол бірден өзінің дайын екенін, өзін жақсы сезінетінін және жарақаттары мазаламайтынын айтты.

- Бұл жағдайда ұсыныс қауіпті болып көрінбей ме?
- Егер Руслан жеңіске жетсе, аймақтық белбеу үшін титулды жекпе-жек өткізуге мүмкіндік алады. Пуэрто-Рикода қарсыласын құлатуы керек, басқа таңдау жоқ. Не болмаса, 10 раунд бойы қарсыласқа бой бермеу қажет, сол кезде төрешілерге мүмкіндік қалдырмайды, бірақ оған есеп артудың керегі жоқ.
- Мәдиевтің спорттағы қалпы туралы бапкері Джоэль Диас не дейді?
- Ол 100 пайызға дайын екенін айтады.
- Зорильяның командасы қарсылас ретінде неге қазақстандық боксшыны таңдады?
- Ерте ме, кеш пе, кез келген промоушен өз боксшысын жаңа деңгейге шығарады. Егер Зорилья Русланнан жеңілсе, оған тағы бір мүмкіндік береді, тағы да сәтсіз болса, боксшымен қош айтысады. Сөйтіп, басқа боксшы іздей бастайды.
- Кездесуде қандай белбеу сарапқа салынады?
- Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған, WBO NABO белбеуі сарапқа салынады. Жеңімпаз бірден WBO рейтингінің топ-15 қатарына енеді.