Недовесов маусымдағы үшінші титулына қол жеткізді
Қазақстандық теннисші Александр Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге Нұр-Сұлтандағы Challenger 100 турнирін жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Недовесов пен Молчанов америкалық жұп Нэйтон Паш пен Макс Якоб Шнурді жеңді – 6:4, 6:4.
Матч бір сағат тоғыз минутқа созылды.
Айта кетейік, Недовесов пен Молчанов осы маусымда бірге жұптық сында үшінші рет топ жарып отыр. Бұған дейін олар Антальяда екі рет жеңіске жеткен.
Фото: ҚТФ
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или