Виктор Коточигов: Калли жеңіліп көрмеген қарымды қарсылас

Виктор Коточигов: Калли жеңіліп көрмеген қарымды қарсылас

Қазақстандық боксшы Виктор Коточигов (12-1, 5КО) Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында ирландиялық Гэри Каллиге (11-0, 5КО) қарсы жекпе-жек туралы айтты.

Айта кетейік, екі боксшы 12 наурызда Англияның Болтон қаласында жеңіл салмақтағы WBO тұжырымы бойынша Еуропа чемпионы атағы үшін жұдырықтасады. 

— Виктор, дайындығыңыз қалай? Англияға қашан жол тартасыз?

— Дайындығым жақсы өтіп жатыр. Англияға наурыздың басында, жекпе-жек бір апта қалғанда барамын деп жоспарлап отырмын. 

— Жекпе-жегіңіздің уақыты мен өтетін орны ауысқанын қалай қабылдадыңыз?

— Бұған аса мән берген жоқпын. Қайда жекпе-жек өткізетінімнің маған еш маңызы жоқ.

— МТК Global қарсыласыңыз Гэри Калли үшін алдағы жекпе-жек нағыз сынақ болғалы тұр деді. Бұл жайлы не ойлайсыз?

— Калли — өте шебер және мықты боксшы. Оның үстіне әлі жеңіліс дәмін татып көрмеген. Жекпе-жек қызық болғалы тұр.

— Кейінгі жекпе-жегіңізде жеңіліс таптыңыз. Бұл алдағы айқасыңызға әсері бар ма?

—  Ешқандай әсері жоқ, керісінше жеңіске жетуге итермелейді. 

— Сәті түсіп, жеңіске жетіп жатсаңыз, Мэтти Хьюзбен қарымта жекпе-жек өткізесіз бе?

— Хьюзге қарсы жекпе-жек жайлы ойлап жүргенім жоқ. Барлық назарым алдағы айқаста.

— Жақында МТК Global Батыр Жүкембаевпен келісімшартқа отырды. Бұл серіктестік титулдық жекпе-жекке жақындата түсе ме?

— МТК Global Батырға мықты қарсыластарға қарсы үлкен жекпе-жектер ұйымдастырып береді деп ойлаймын. 

— Биыл қанша жекпе-жек өткізу жоспарыңызда бар?

— Жыл соңына дейін 3-4 мәрте шаршы алаңға шықсам деймін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или