Жанат Жақиянов: «Әлем чемпионының титулы үшін кездесу – менің арманым»

WBC тұжырымы бойынша рейтингінің көш басында келе жатқан қазақстандық Жанат Жақиянов титул иегері жапон Шинсуке Яманакаға қарсы кездескісі келетінін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Өз мүмкіндігімізді қанша қажет болса, сонша күтемін. Қазір британиялық виза жасатқалы жатырмын. Келесі кездесуіме дайындықты ақпай айында бастап кеткім келіп отыр. Ал кездесудің өзі сәуірдің аяғына жоспарланған. Барлығы сәтті болып, 2015 жылдың аяғында Яманакамен кездесемін деп үміттенемін.

Әлем чемпионының титулы үшін кездесу – менің арманым», - деді Жақиянов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или