Шаңғы жарысынан ӘЧ: ертең спринт жарысы өтеді
Германияның Оберстдорф қаласында өтіп жатқан шаңғыдан әлем чемпионатында ерлер мен әйелдер арасындағы спринт бойынша бәсеке бейсенбі күні таңертеңге қалдырылды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Жарыс уақытындағы өзгерістер жарыс кестесінде Халықаралық шаңғы федерациясының (FIS) сайтында жарияланған. Бастапқыда жарыс сәрсенбіге жоспарланған болатын.
Ауа райының жылуына байланысты жарыс бейсенбіге қалдырылды.
Айта кетерлігі, шаңғы жарысынан әлем чемпионаты 7 наурызға дейін жалғасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или