Попко Нұр-Сұлтандағы турнирдің ширек финалына шықты

Попко Нұр-Сұлтандағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық Дмитрий Попко грузиялық Александр Метревелимен жұптасып, Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Попко/Метревели дуэті Бондаревский/Палан жұбын екі сетте 6:3, 6:4 есебімен жеңді.

Ойын1 сағат 4 минутқа созылды.

Еске сала кетейік, жекелей сында Дмитрий Попко латвиялық Эрнест Гульбиске есе жіберген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или