Денис Тен 2022 жылғы Олимпиаданы өткізу туралы Қазақстан өтінімін ілгерілетуде

Денис Тен 2022 жылғы Олимпиаданы өткізу туралы Қазақстан өтінімін ілгерілетуде

Әлемге танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен 2022 жылы өтетін қысқы Олимпиаданы өткізу туралы Қазақстан өтінімін алға ілгерілетуде. Жағымды жаңалықпен спортшымыз Instagram-да бөлісті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын Алматыда өткізуге өтінім аясында Лос-Анджелестегі промо-интервью түсіріліміне қатысып жатырмын. Елшілердің бірі болу мен үшін үлкен құрмет, миллиондаған отандасымның арманы шындыққа айналады деген үміттемін», - деп жазды Денис Тен түсірілім барысында жасалған суреттің астына.

Естеріңізге салып өтсек, 2022 жылғы Олимпиада ойындарын өткізу құқығына қазір екі қала – Алматы мен Бейжің таласуда. Мемлекет басшысы атап өткендей, егер әлемдік доданы өткізу бақыты Қазақстанға бұйырып жатса, қысқы Олимпиада ойындары екі қалада – Алматы мен Астанада өткізіледі.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или