Александр Бублик Сингапур турниріне қатысады

Александр Бублик Сингапур турниріне қатысады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Бублик Singapore Tennis Open турниріне қатысады.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, ATP жарысы 22-28 ақпан аралығында өтеді.

Доданың 4-ракеткасы болып тіркелген А.Бублик турнирді екінші айналымнан бастайды. Қазақстандық теннисші жапониялық Шинтаро Мочидзуки немесе іріктеу сайысында үздік шыққан теннисшінің біреуімен шеберлік таластырады.

Қазіргі кезде іріктеу сайыстары өтіп жатқан Сингапур жарысында франциялық Адриан Маннарино, аустралиялық Джон Миллман, хорватиялық Марин Чилич сынды танымал теннисшілер бақ сынайды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или