Димаш Ниязов биыл қазақстандық қай боксшы чемпион болуы мүмкін екенін айтты

Димаш Ниязов биыл қазақстандық қай боксшы чемпион болуы мүмкін екенін айтты

АҚШ-та тұратын қазақ боксшысы Димаш Ниязов (13-1-3, 6КО) Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында биыл немесе келесі жылы қазақстандық қай боксшы чемпион атануы мүмкін екенін айтты. 

«Данияр Елеусінов биыл немесе келесі жылы чемпиондық белбеу алады деп ойлаймын. Садриддин Ахмедов пен Батыр Жүкембаевтың да титулға тамаша мүмкіндігі бар. Бұл - Қазақстанның проспектері», - деді Ниязов.

Ниязовтың сұхбатын мына сілтемеден толық оқуға болады. 

Еске салайық, 20 ақпанда Майамиде Димаш Ниязов аргентиналық Джонатан Годоимен кездеседі. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или