Димаш Ниязов: Майамиде жекпе-жек өткізу үшін демалыс алдым

Димаш Ниязов: Майамиде жекпе-жек өткізу үшін демалыс алдым

АҚШ-та тұратын қазақ боксшысы Димаш Ниязов (13-1-3, 6КО) Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында Майамидегі жекпе-жегіне қатысты пікірін айтып, Данияр Елеусіновті болашақ әлем чемпионы деп атады. 

— Димаш, рингке оралатын сәтің жетті. Келіссөз қалай жүрді?

— Бір ай бұрын Майамиден Қанат Исламмен жұмыс істейтін промоутерлер маған қоңырау шалып, жекпе-жек өткізуді ұсынды. Олар менің қазақстандықтар мен америкалықтар арасында танымал екенімді, көптеген билет сата алатынымды білді. Бірақ алдымен маған Колумбиядан бір қарсылас берді, кейін Аргентинадан басқа қарсылас тапты. Келіссөздер ойдағыдай өтті. Тек жаттығу қиынға соқты, өйткені карантинге байланысты Нью-Йорктегі барлық спорт зал жабылды. Тіпті спаррингтер өткізуге рұқсат етілмеді.

— Қарсыласың аргентиналық Джонатан Годои (5-7). Ол туралы не білесің?

— Қарсыласым туралы көп білмеймін. Тек оның Аргентинадан екенін білемін. Жеңіске жеткен бір жекпе-жегін көрдім. Оның қорғанысы жақсы екенін түсіндім. Сол қорғанысты ашуым керек, бұл жекпе-жектегі басты міндеттердің бірі болады. Мексикалық стильде жұдырықтасады, үнемі алға ұмтылып, көптеген ауыл соққы жасайды.

— 2018 жылдан бері жұдырықтаспадың. Мұндай үзіліске не себеп болды?

— Иә, мен көптен бері жұдырықтаспадым. Көбі білмейді, бірақ соңғы жекпе-жектен кейін белім ауыратынын білдім. Омыртқамда жара пайда болды. Сондықтан үзіліс жасауға тура келді. Емделдім, бір жыл бойы терапиядан өттім. Қазір өзімді әлдеқайда жақсы сезінемін. Дағдым мен шеберлігім орнында. Ең бастысы - төзім бойынша жұмыс істеу.

— Бір сұхбатыңда маған полициядағы негізгі жұмысыңа байланысты кәсіпқой боксты қатар алып жүру қиын деп айтқан едің. Демек, Майамиде жекпе-жекке шығу үшін демалыс алдың ба?

— Әрине, жұмыс пен боксты қатар алу қиын. Сондықтан жиі жұдырықтасу мүмкін емес. Мен рингке шығу үшін демалыс аламын. Бұл жолы мен де солай істедім. Бір рет жекпе-жекке дайындалу үшін. Ал екіншісі - жекпе-жек кезіне. Менің ойымша, егер адамның қалауы болса, онда бәрі мүмкін.

— Былтыр қазақстандық көптеген жас боксшы кәсіпқой рингте алғаш рет жеңілді. Ойың қандай?

— Иә, өкінішке қарай, көптеген боксшымыз былтыр алғаш рет жеңілді. Бірақ бұл оларды тоқтатпауы керек, керісінше, оларды ынталандыруы қажет. Демек көбірек жаттығу керек. Бұрынғыдан жақсы болуы қажет.

 

— Сенің ойыңша, биыл немесе келесі жылы кім чемпиондық белбеу алуы мүмкін?

— Данияр Елеусінов биыл немесе келесі жылы чемпиондық белбеу алады деп ойлаймын. Садриддин Ахмедов пен Батыр Жүкембаевтың да титулға тамаша мүмкіндігі бар. Бұл - Қазақстанның проспектері.

— Биыл бірнеше үлкен жекпе-жектер күтіп тұр. ТОП-3 кездесуді айта аласың ба?

— Бірінші кезекте, Теренс Кроуфорд пен Эррол Спенс жекпе-жегі. Канело — GGG трилогиясын да көреміз шығар. Ал үшінші жекпе-жек менің дивизионымдағы жігіттер — Райана Гарсия мен Джервонт Дэвис.

Еске салайық, 20 ақпанда Майамиде Димаш Ниязов аргентиналық Джонатан Годоимен кездеседі. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или