Пельистри - Ла Лиганың болашақ жарық жұлдызы

Пельистри - Ла Лиганың болашақ жарық жұлдызы

Ла Лиганың эксклюзивті серіктесі Prosports.kz сайты «Алавестің» жас таланты Факундо Пельистри туралы материал дайындады.

Ла Лиганың бұрынғы жұлдыздары Диего Форлан, Кристиан Родригес және Хуан Роман Рикельме қатарлы ойыншылардың пікірінше, «Алавестің» жас шабуылшысы Факундо Пельистри жақын арада чемпионаттың нағыз жұлдызына айналуы мүмкін.

«Алавес» өткен жылдың желтоқсанында 19 жасқа толған уругвайлық Пельистриді «Манчестер Юнайтедтен» жалға алған. 

«Вильярреал» мен «Атлетико Мадридтің» бұрынғы шабуылшысы Диего Форлан жас отандасына көптен бері қолдау көрсетіп жүр. Пельистри мансабын Форлан жаттықтырушы болған «Пеньяроль» сапында бастады. Ол онда Уругвай құрамасының капитаны Кристиан Родригеспен бірге өнер көрсетті.

«Пеньяроль» басшылығы командада үлкен талант өсіп келе жатқанын бірден байқады. Пельистри 2020 жылғы Либертадорес Кубогында бес матч өткізіп, Чилидің «Коло Коло» командасына гол соқты. Әрі «Вильярреалдың» бұрынғы плеймейкері, қазір аргентиналық «Бока Хуниорс» командасының вице-президенті Рикельменің назарын аударды.

Еуропаның жетекші клубтары оған қызығушылық таныта бастады. Бұқаралық ақпарат құралдары ойыншыға «Реал» мен «Атлетико» назар аударды деп мәлімдеді. Аталған екі клуб та Уругвай нарығын жақсы біледі: «Реал» үздік  жартылай қорғаушысы Феде Вальвердені 2016 жылы <span>«Пеньярольден» алған. А</span>л «Атлетико» сапында Хименес, Лукас Торрейра және Луис Суарес сынды уругвайлық ойыншылар бар.

Алайда Пельистри «Манчестер Юнайтедке» ауысып, былтыр қазан айында «Олд Траффордта» дебют жасады. Ол жастар командасы сапында өткізген алғашқы сегіз ойында бес гол соқты. Оның бірін <span>«Манчестер Сити» жастарының қақпасына соқты. Жеткілікті ойын</span> тәжірибесіне ие болу үшін оны жоғары деңгейлі лигалардың біріне жалға беру керек болды. Сөйтіп ол Ла Лига клубы «Алавеске» жалға берілді.

Егер Пельистри осы маусымдағы команда сапындағы тағы бір жас шабуылшы Брайан Хиль сияқты жақсы өнер көрсете алса, «Алавес» жанкүйерлеріне ұнайтыны сөзсіз. Соңғы айларда «Барселона» сапында үнемі алаңға шығып жүрген отандасы Рональд Араухо секілді Ла Лигаға тез бейлімделіп кетеді деген үміт бар.

«Алавес» сапында жасындай жарқылдап өсіп келе жатқан жас ойыншы Пельистри болашақта нағыз жарық жұлдыз болуы мүмкін. Өйткені оның бойында шынайы талант бар екені байқалады. 

Prosports.kz - Ла Лиганың Қазақстандағы эксклюзивті серіктесі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или