Айдос Ербосынұлының Евгений Шведенкоға қарсы жекпе-жегі үшін ашық сауда басталды

Айдос Ербосынұлының Евгений Шведенкоға қарсы жекпе-жегі үшін ашық сауда басталды

18 ақпанда қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының (15-0, 10КО) ресейлік Евгений Шведенкоға (15-0, 6КО) қарсы жекпе-жегі үшін ашық сауда-саттық басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан және Америка Құрама Штаттары осы жекпе-жекті өткізу құқығына таласады.

Бұл жекпе-жектің жеңімпазы орта салмақтағы IBF титулына міндетті үміткер болады.

Айдос Ербосынұлы айқасқа Ұлыбританияда дайындалып жатыр.

Еске салайық, Ербосынұлы соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында ганалық Исса Самирге қарсы өткізіп, қарсыласын нокаутқа жіберген еді. Евгений Шведенко Санкт-Петербургте Артур Осиповты жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или