Чемпиондар лигасы: «Ювентус» сүрініп, «Боруссия» жеңіске жетті
Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында Португалия мен Испанияда кезекті матчтар өтті, - деп хабарлайды Prosports.kz.
«Порту» өз алаңында италиялық «Ювентусті» қабылдап, 2:1 есебімен басым түсті. Алаң иелері сапынан Мехди Тареми (2-минут) мен Мусса Марега (46) қанжығасын майлады. «Ювентус» сапындағы жалғыз голды Федерико Кьеза (82) соқты. Енді қарымта матч 9 наурызда Туринде өтеді.
Айта кетейік, Эрлинг Холанд Чемпиондар лигасының алғашқы 13 матчында 17 гол соққан алғашы футболшы атанып, рекорд орнатты.
Еске салайық, бұған дейін ПСЖ сырт алаңда «Барселонаны» 4:1 есебімен жеңген, ал «Ливерпуль» «Лейпцигтен» 2:0 есебімен басым түскен еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или