Қазақстандық боксшы Дубайда шаршы алаңға шығады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Коточиговтің (12-1, 5 КО) жекпе-жегі өтетін жер өзгерді.
MTK Global компаниясының ұйымдастыруымен 12 наурызда өтетін Дубайдағы бокс кешінде Виктор Коточигов ирландиялық Гэри Каллинге (11-0, 5 КО) қарсы жұдырықтасады. Боксшылар жеңіл салмақтағы WBO тұжырымының Еуропаның чемпионы белбеуі үшін қолғап түйістіреді.
Еске салайық, 27 жастағы Виктор Коточигов соңғы жекпе-жегін тамызда Дубайдағы бокс кешінде өткізіп, британиялық Макси Хьюзден (22-5-2, 4 КО) жеңілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или