Али Балоевтың келесі қарсыласы анықталды

Али Балоевтың келесі қарсыласы анықталды

27 ақпанда Алматыда бокс кеші өтеді. Онда өнер көрсететін ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Али Балоевтың (10-0, 7 КО) қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іс-шараны ұйымдастырушы МТК Қазақстан компаниясының Instagram-дағы аккаунтының хабарлауынша, Али Балоев рингте 39 жастағы ресейлік Денис Царюкпен (12-4, 10 КО) кездеседі.

23 тамызда соңғы жекпе-жегінде Алматыда Али Балоев беларусь  Юрий Быховцевті (10-21-3, 5 КО) жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или