«Бәрі мүмкін». Альварес Головкинге қарсы трилогия туралы ойын айтты

«Бәрі мүмкін». Альварес Головкинге қарсы трилогия туралы ойын айтты

Екінші орта салмақта WBC және WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы үшінші жекпе-жек туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

TUDN-нің трилогия туралы сұрағына мексикалық боксшы «Бәрі мүмкін» деп жауап берді.

Еске салайық, Головкин мен «Канело» бұған дейін екі рет кездескен: алғашқы жекпе-жек тең есеппен аяқталса, екіншісінде Альварес жеңіске жеткен еді.

Биыл боксшылар үшінші рет жұдырықтасуы мүмкін деген ақпарат тараған. Трилогия нүктесі биыл күзде қойылуы мүмкін.

Ал әзірше Головкин жазда жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Қарсыласы әзірше белгісіз. Альварес болса, 27 ақпанда түркиялық Авни Йылдырыммен жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или