Тұрсынбай Құлахмет Джейми Мурдың жетекшілігімен жаттығатын болады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Тұрсынбай Құлахмет (2-0, 1КО) Джейми Мурмен Ұлыбританияда жаттығуды бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
MTK Global-дың хабарлауынша, 27 жастағы боксшы Англияда жекпе-жекке дайындықты бастады (жақын күндері жекпе-жек жайлы жариялануы керек). Тәжірибелі бапкер Джейми Мурдың Карл Фрамптон, Рокки Филдинг, Джек Каттеролл секілді танымал боксшыларды жаттықтырады.
Еске салайық, Құлахмет соңғы жекпе-жегінде WBC International белбеуіне қол жеткізді. Ол британияық Маколей Макгоуанды жеңген еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или