Кукушкин, Попко және Недовесов Нұр-Сұлтандағы турнирге қатысады

Кукушкин, Попко және Недовесов Нұр-Сұлтандағы турнирге қатысады

2021 жылдың 21-28 ақпанында және 28-27 наурыз аралығында Нұр-Сұлтанда ATP Challenger Tour сериясындағы теннистен халықаралық турнирлер өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz Ktf.kz-ке сілтеме жасап.

Турнирлердің жалпы жүлде қоры 260 400 АҚШ долларын құрайды. Беделді жарысқа әлемдік рейтингтің ТОП-100 ойыншылары қатысады.

Қазақстан атынан Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Александр Недовесов, Денис Евсеев, Тимофей Скатов, Григорий Ломакин және тағы да басқа теннисшілер қатысады.

Турнир кезінде күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын ескере отырып, ойындар көрерменсіз өткізіледі. Қатаң ережелерге байланысты спортшылар экскурсияға бара алмайды, мұражайларды аралап, қала бойынша серуендей алмайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или