Бублик пен Голубев турнирдің көшбасшыларын ұтты

Бублик пен Голубев турнирдің көшбасшыларын ұтты

Қазақстандықтар Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты.

Қазақстандық жұп екінші айналымда осы турнирдің көшбасшылары, колумбиялықтар Хуан-Себастьян Кабаль – Роберт Фарахпен кездесті. Қазақстандықтар бірінші партияда 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бублик пен Голубев екінші сетте де 5:3 есебімен алға шықты. Содан кейін матчқа доп бергенде, өз мүмкіндіктерін пайдалана білді – 6:4. Бәсеке 1 сағат 11 минутқа созылды.

Қазақстандық жұп ширек финалға шығу үшін сальвадорлық Марсело Аревало – нидерландылық Матве Мидделкоппен таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или