Алматыда самбодан әлем кубогы аяқталды

Алматыда самбодан әлем кубогы аяқталды

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында самбодан «ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін» әлем кубогы өтті. Жарысқа әлемнің 20 мемлекетінен 400-ге жуық спортшы қатысқан. Аталмыш жарыста 112 балуан ел намысын қорғады.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінен кейін айқастар өтті. Боз кілем төріне 52 келі салмақтағы жерлесіміз Бейімбет Қанжанов армениялық Тигран Киракосянға есе жіберіп, қоржынға күміс жүлдені салды.

64 келіде ел намысын қорғаған Динара Жұмабаева, былтырғы жылдың есесін қайтарып алтыннан алқа тағынды.

Ал ерлер арасында 62 келі салмақ дәрежесінде Асет Қуанов, Асылбек Әлкей мен әскери самбодан екі дүркін әлем чемпионы Арман Оспанов төрт рет әнұранымызды шырқатты.

Байрақты бәсекенің бірінші күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына 4 алтын, 4 күміс және 8 қола медаль түсті. Сонымен қатар, жарыстың қорытындысы бойынша «үздік спортшы» анықталып, жігерлік үшін берілетін арнайы сыйлықтарды ұтқан самбошылар марапаталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или