Оралдық «Ақжайық» «Динамо-Маяк» командасын екі рет ойсырата жеңді

Оралдық «Ақжайық» «Динамо-Маяк» командасын екі рет ойсырата жеңді

Жоғары лига командалары арасында допты хоккейден Ресей чемпионатында оралдық «Ақжайық» Свердловск облысы Краснотурынсктің «Динамо-Маяк» командасын қатарынан екі рет ойсырата жеңді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Алғашқы кездесуде далада 25 градус аяз болғанына қарамастан, батысқазақстандық хоккейшілер өте жақсы ойын көрсетті. Бірінші таймда «Ақжайық» ресейліктердің қақпасына екі доп соқса, кездесудің екінші жартысында оралдықтар тағы бес гол кіргізді. Осылайша матч 7:0 есебімен «Ақжайықтың» пайдасына шешілді.

Екінші ойында үзіліске аз ғана минуттар қалғанда, қазақстандықтар 7:3 есебімен қарсыластарынан алда келе жатқан еді. Екінші таймда «Ақжайық» хоккейшілері тағы 6 гол соғып, есепті 13:3-ке жеткізді.

«Жігіттер мен жанкүйерлерге алғыс айтамын. Команда өз айдынында мықты өнер көрсетті. Хоккейшілеріміздің жеңіске деген ұмтылысы жақсы», -деп атап өтті «Ақжайық» клубының жаттықтырушысы Дмитрий Иванников.

Осы жеңістен кейін оралдық команда 38 ұпаймен турнир кестесінде көш басында тұр.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или