Батыр Жүкембаевтың рингке оралатын күні белгілі болды
Жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы кезекті жекпе-жегі 10 наурыз күні АҚШ-та өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Батыр Жүкембаевтың (18-0, 14КО) қатысуымен өтетін бокс кеші Анкасвилде (Коннектикут, АҚШ) жоспарланған. Қарсылас әлі белгісіз. Жекпе-жек Showtime телеарнасынан көрсетіледі.
Kazakh SLW Batyr Jukembayev (18-0 14 KOs) will make his debut in USA at March 10 on ShoBox. His opponent isn't set yet. 21 y.o. Brandun Lee (21-0, 19 KOs) will headline event<span> </span>pic.twitter.com/WKcKc3tGbo
— #TeixeiraCastano & #DiazRakhimov (@BatmanBoxing)<span> </span>February 12, 2021
Батыр АҚШ-та алғашқы рет жұдырықтасқалы тұр. Бұған дейін ол барлық жекпе-жегін Канадада өткізген.
Қазір боксшы Калифорнияда тағы бір қазақстандық Мадияр Әшкеевпен бірге жаттығып жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или