Дияс Федерация Кубогында Қазақстанның намысын қорғайды

Федерация кубогына қатысатын қазақстандық теннисшілердің аты-жөні анықталды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Порталымыздың тілшісіне Қазақстан теннис федерациясы баспасөз қызметінің берген сұхбаты барысында еліміздің намысын Зарина Дияс, Ярослава Шведова, Юлия Путинцева және Кәмила Керімбаева қорғайтыны мәлім болды.

Қазақстан бірінші бөлімнің В тобында Азия және Мұхит елдері аймағында өнер көрсетпек. Теннисшілеріміз Қытай, Таиланд және Тайпей командаларына қарсы тұрады. А тобында Жапония, Өзбекстан, Гонконг және Оңтүстік Корея бар. Кейін шешуші матч А және В тобының жеңімпаздары арасында өтеді. Сол жұптық жеңімпазы әлемдік топтың плэй-офф кезеңіне шығады.

Матчтар 4-7 ақпан арасында Гуанчжоу (Қытай) қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или