Универсиада-2015. Қазақстан жалпы есепте алға шықты

Қазақстан Словакияның Штрбске-Плесо және Осрблье қалаларында өтіп жатқан Универсиаданың алғашқы күнінен соң топ бастады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Командамыздың қоржынында екі алтын бар. Алғашқы жеңістерді биатлоншы Алина Райкова мен шаңғышы Анастасия Слонова алып келді. Райкова 15 шақырымдық жеке сайыста алтын жүлде алса, Слоноваға спринттік жарыста қарсылас табылмады.

Жалпы есепте екінші орынды ресейлік спортшылар алып тұр. Олардың қоржынында бір алты, үш күміс және үш қола бар. Үшінші орында жалғыз ғана алтын медалі бар Украина келе жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или