IBF рейтингісі: Айдос Ербосынұлы титулды жекпе-жекке жақындай түсті

IBF рейтингісі: Айдос Ербосынұлы титулды жекпе-жекке жақындай түсті

Халықаралық бокс федерациясының (IBF) рейтингісі жаңартылды, деп жазады Prosports.kz.

Супер орта салмақта жерлесіміз Айдос Ербосынұлы үздік бестікті түйіндеп тұр. Бұл салмақтағы IBF чемпионы - америкалық Калеб Плант. Егер Ербосынұлы осы бетінен таймаса, чемпиондық белбеуге міндетті үміткер болуға толық мүмкіндігі бар.

Орта салмақтың чемпионы - Геннадий Головкин. Бұл салмақтағы ретингте қазақстандық бірнеше боксшы бар. Мейірім Нұрсұлтанов 9-орында, Жәнібек Әлімханұлы 11-орында, ал Қанат Ислам 14-орында тұр.

IBF Inter-Continental титулының иегері Данияр Елеусінов жартылай орта салмақта алғашқы ондыққа енді. Ол қазір тоғызыншы орында тұр. Бұл салмақтың чемпионы америкалық кіші Эррол Спенс.

Бірінші жартылай орта салмақтағы рейтингте Батыр Жүкембаев сегізінші орында тұр. Бұл дивизионда IBF белбеуі британиялық Джош Тейлорға тиесілі.

WBC рейтингісі: Әлімханұлы чемпиондық атаққа жақындай түсті

Қоңқабаев: Олимпиадада алтын медаль алу үшін барымды саламын

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или