Юлия Путинцева Australian Open турнирінің үшінші айналымына шықты
Юлия Путинцева бельгиялық Элисон Ван Эйтванкті жеңіп, Australian Open турнирінің үшінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Есеп 6:4, 1:6, 6:2.
Матч екі сағат 56 минутқа созылды. Путинцева 77 ұпайға ие болды.
Еске сала кетейік, қазақстандық бұған дейін америкалық Слоан Стивенсті жеңген болатын.
Юлия келесі айналымда Джулия Кори Гауф (АҚШ) - Элина Свитолина (Украина) жекпе-жегінің жеңімпазымен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или