Дәулет Дәукенов Киевте жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық боксшы Дәулет Дәукенов (8-1, 3 КО) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды.
Дәулет Дәукенов 13 ақпанда Украинаның Киев қаласында шаршы алаңға шығады. Әзірге қарсыласының есімі белгісіз.
27 жастағы жерлесіміз Беларусь елінде 19 жастағы украиналық боксшы Назри Рагимовпен (6-2, 3 КО) жұдырықтасты. Бірінші жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек толық 10 раундқа жалғасып, қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Дәулет Дәукенов кәсіпқой бокстағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді әрі WBA Asia белбеуін иеленді. Ал қарсыласы екінші мәрте жеңіліске ұшырап отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или