Головкин әуесқой бокстағы қиындықтар жайлы айтты
Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин DAZN берген сұқбатында әуесқой бокстағы мансабында біраз жетістікке жеткенімен кәсіпқой спорт қиынға соққанын айтты.
«Саған тек сенің министрлігің ғана емес, барлық төрешілер қарсы болғанда... Ешкім қолдау көрсетпегенде, ешқандай таныс-тамырсыз қанша халықаралық жарыстарда жеңіске жеттім... Сондықтан мен әуесқой бокстағы мансабымды мықтыға лайық деп санаймын», – деді боксшы.
Геннадий Головкин әуесқой бокста 2003 жылы әлем және 2004 жылы Азия чемпионы атанған. 2002 жылы Азия ойындарында алтын жүлдеге қол жеткізді. 2002 және 2005 жылдары әлем Кубогында жүлде салып, 2004 жылғы Афины Олимпиадасында финалға дейін жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или