Қуат Сағиев джиу-джитсуден Еуропа чемпионы атанды

Бүгін Португалия астанасы Лиссабонда джиу-джитсу спорт түрінен Еуропаның ашық біріншілігі аяқталды. 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақ палуаны Қуат Сағиев пен 100 келіден аса салмақта күрескен жерлесіміз Андрей Боргерс ел қоржынына бір-бір алтын медальдан салды.

Айта кету керек, Еуропаның ашық біріншілігіне спортшылар тек «Кәрі құрлықтан» ғана жиналған жоқ. Дүбірлі додаға әлемнің түкпір-түкпірінен барлығы 3400 палуан келген. Оның ішінде джиу-джитсудың отаны саналатын Бразилияның спортшылары да бар.

Қазақстан болса Лиссабонға 10 палуан апарды. Қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен жеңген Қуат Сағиевпен телефон арқылы байланысып, жарыстың нәтижелерін сұрап көрдік.

«Қазақстан үшін джиу-джитсу жас спорт, яғни біздің елде енді ғана дамып келеді. Осыдан бес жыл бұрын Астана мен Алматыда ашылған спорттық клубтар өздеріңіз көріп отырғандай алғашқы нәтижелерін беріп жатыр. Қазір енді Ақтөбеде, Семейде және Өскемен қалаларында джиу-джитсу орталықтары бар. Өзім солардың ең үлкені саналатын «Астана-альянс» клубында жаттығамын. Бүгінгі Еуропаның ашық біріншілігіне де Қазақстан атынан осы орталықтардың шәкірттері қатысты. Нәтижеміз жаман емес, қоржында екі алтын. Өзге палуандардың бұл жолы бабы келіспеген болар, дегенмен, алдағы жарыстарда жерлестерімнің жеңістеріне куә болатыныма сенімдімін» дейді Қуат Сағиев.

Жерлесіміз Лиссабондағы Casal Vistoso аренасында 4 жекпе-жек өткізіп, оның үшеуін айқын басымдықпен уақытынан бұрын жеңіпті.

«Осынау спортқа келгеніме 1,5 жыл болды. Қазақстанішілік жарыстарда жеңістерге жетіп жүргеніммен, шетелге шығуым алғаш рет. Бақ пен бап қатар шапты десек болады. Бұл тек менің еңбегім емес, бапкерім, Қазақстандағы джиу-джитсу федерациясының вице-президенті Арманжан Рузахуновтың та еңбегі. Менің спортқа деген қызығушылығымды оятқан сол кісі» дейді Еуропа чемпионы.

baq.kz сайтының материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или