Айжан Қожабекова Дебрецендегі турнирде жеңіліс тапты

Айжан Қожабекова Дебрецендегі турнирде жеңіліс тапты

Венгрияның Дебрецен қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық турнирде қазақстандық Айжан Қожабекова жеңіліс тапты деп хабарлайды Olympic.kz.

60 келіде сынға түскен ол түркиялық қарсыласына 2:3 есебімен жол берді.

51 келіде жұдырықтасқан Жазира Орақбаева венгриялық қарсыласын 5:0 есебімен ұтып, келесі кезеңге жолдама алды.

Бүгін Жазира испаниялық боксшыға қарсы шықса, Назым Ищанова (57 келі) франциялық, Дариға Шәкімова (69 келі) түркиялық спортшымен кездеседі 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или