«Бәрі рингте болады». Жан Кособуцкий африкалық «Годзилламен» жұдырықтасуға дайындалып жатыр
20 ақпанда германиялық Гамбург қаласында суперауыр салмақтағы IBO Inter-Continental титулының иегері қазақстандық Жан Кособуцкий (14-0, 13 КО) кезекті жекпе-жегін өткізеді.
WBA International чемпионының белбеуі үшін өтетін жекпе-жекте Арқалық тумасы Нигерия бокс мектебінің өкілі «Годзилла-Секрет» атымен танымал Онориоде Эхваримемен (18-1, 17 КО) кездеседі.
Prosports.kz журналисі отандық спортшыға африкалық боксшыға қарсы текетірес туралы бірнеше сұрақ қойып, оның алдағы кездесуге деген көзқарасын білді.
- Жан, 20 ақпандағы жекпе-жекке дайындық қалай өтіп жатыр?
- Дайындық әдеттегі режиммен өтіп жатыр.
- Германияға қашан аттанасыз?
- Гамбургке карантиндік шектеулерге байланысты 17-18 ақпанда ұшамыз.
- WBA International чемпионының белбеуі үшін жекпе-жекте қарсыласыңыз нигериялық Онориоде Эхвариеме (18-1, 17 КО) болады. Қарсыласыңыз туралы не айта аласыз?
- Бәрі рингте болады.
-<span> </span>Қарсыласыңыздың бокс машығындағы кемшіліктерін таба алдыңыз ба?
- Кемшілік бар болса, екеуіміздің бірімізден табылады.

- Нигериялық боксшының лақап аты - «Годзилла-Секрет». Бұл неге байланысты деп ойлайсыз?
-<span> </span>Білмеймін. Фильм ұнап қалған шығар (күліп).
- Эхвариемеге қарсы жекпе-жекке ерекше жігерленіп, тактикалық тұрғыда дайындаласыз ба?
- Бәрі бұрынғыдай, ештеңе өзгертпейміз. Мереке секілді өткіземіз.
Эхвариеме кәсіпқой рингте бір рет жеңілген, 2019 жылдың маусымында АҚШ америкалық Родни Эрнандес (13-10-2, 4 КО) оны нокаутқа түсірген.
Естеріңізге сала кетейік, Кособуцкий германиялық Universum Box-Promotion промоутерлік компаниясының клиенті саналады. Боксшы компаниямен 2019 жылы келісімшарт жасасқан.