Недовесов екінші рет Анталия турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық Александр Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге жұптық сында Анталия 2 челленджер турнирінің жеңімпазы атанды.
Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстандық-украиналық жұп финалда америкалықтар Роберт Гэллоуэй - Алекс Лоусонмен бас жүлдені сарапқа салды.
Бұдан бұрын Анталияда өткен дәл осындай жарыста А.Недовесов пен Д.Молчанов жұбы чемпион атанған болатын. Сол доданың бастапқы кездесуінде олар америкалық жұпты екі сетте ұтқан еді.
Бұл жолы бірінші партияда тоғызыншы геймде Недовесов пен Молчанов брейк жасай алды - 6:4. Екінші сетте қарсыластар брейкпен алмасып, кездесу тағдыры тай-брейкте қазақстандық-украиналық жұптың пайдасына шешілді - 7:6 (7:2). Бәсеке 1 сағат 20 минутқа созылды. Осылайша Недовесов пен Молчанов Анталияда қатарынан екі турнирде жеңімпаз атанды.
Бұл қазақстандық теннисшінің челленджер жарыстарындағы 17-жеңісі еді.