Садриддин Ахмедов WBC жаңартылған рейтингінде 17-орынға көтеріліді

Садриддин Ахмедов WBC жаңартылған рейтингінде 17-орынға көтеріліді

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) жаңартылған рейтингінде он сатыға көтеріліп, 17-орынға жайғасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Садриддин Ахмедов өткен аптада үш атаққа (<span>WBC Francophone, WBA Continental және NABF</span> белбеуі) қол жеткізді. Ол Нидерланд боксшысы Стивен Даньоны (17-3-3, 6 КО) төрешілер шешімімен жеңген еді.

«Садриддин WBC рейтингінде он сатыға көтерілді. Стивен Даньоны керемет жеңгеннен кейін ол 17-орында көтерілді, енді ТОР 15 пен үлкен жекпе-жекке өте жақын. Алға биік мақсаттар қойыңыз және оларға қол жеткізгенше тоқтамаңыз!<span>»</span>  - деп жазады Eye Of The Tiger Management промоутерлік компаниясының Instagram парақшасы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или