Кирилл Герасименко ойнайтын "Werder" клубы кезекті турда жеңіліп қалды

Кирилл Герасименко ойнайтын "Werder" клубы кезекті турда жеңіліп қалды

Үстел теннисінен Германия бундеслигасының 18-ші кездесуінде қазақстандық Кирилл Герасименко ойнайтын «Werder» клубы жеңіліс тапты.

Жергілікті «Post SV» командасына қарсы ойнаған «Werder» 2:3 есебімен қарсыласқа жол берді. Қазақстандық спортшы өз қарсыласын жеңгенімен, командаластарының барлығы жеңісті жолды жалғастыра алған жоқ.

Даниэль Хабесон («Post SV») - Кирилл Герасименко («Werder») 2:3;

Овидиу Ионеску («Post SV») - Маттиас Фальк («Werder») 3:2;

Штеффен Менгель («Post SV») - Хунор Сеч («Werder») 3:0;

Даниэль Хабесон («Post SV») - Маттиас Фальк («Werder») 0:3;

Овидиу Ионеску/ Любомир Янчаржик («Post SV») - Марсело Агирре/ Хунор Сеч («Werder») 3:1.

Турнир кестесінде "Werder" 9-ы орында келе жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или