Рыбакина мен Путинцева Мельбурнда ұтылып қалды

Рыбакина мен Путинцева Мельбурнда ұтылып қалды

Қазақстандықтар Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Мельбурнда өтіп жатқан Grampians Trophy WTA 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ыншы, осы жарыстың 4-ракеткасы Елена Рыбакина екінші айналымда әлемдік рейтингте 66-орындағы чехиялық Барбора Крейчиковамен шеберлік байқасты. Бірінші партияны қазақстандық теннисші брейктің нәтижесінде өз есебіне жазды – 6:4. Екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте Крейчикова брейк жасап кетті – 2:1. Ол өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 6:2. Шешуші тай-брейкте Барбора ептілік көрсетті – 10:6.

Чехиялық спортшы жарыстың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 24-ракеткасы, америкалық Дженнифер Брэйди немесе рейтингте 78-орында тұрған, украиналық 18 жастағы Марта Костюктың біреуімен таласады. Дүниежүзілік рейтингте 28-орында тұрған Юлия Путинцева осы доданың екінші айналымында Аустралия ашық чемпионатының екі мәрте жеңімпазы, әлемнің 13-інші, осы доданың 3-ракеткасы, Беларусь өкілі Виктория Азаренкомен кездесті. Матчты өте сәтті бастаған қазақстандық теннисші 4:0 есебімен алға шықты. Алайда бұдан кейін Азаренко қатарынан алты геймді алды – 6:4. Екінші сетте де Юлия алға кетті – 2:0. Ақыры айқын басымдылық таныта алды – 6:1. Тай-брейкте Азаренко жеңісті жұлып алды – 11:9.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или