Путинцева Мельбурндегі турнирден шығып қалды
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева теннистен Аустралияның Мельбурн қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде жеңіліс тапты деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Юлия Путинцева беларусьтік Виктория Азаренкомен кездескен болатын. 1 сағат 43 минутқа созылған кездесуде Путинцева қарсыласына 4:6, 6: 1, 9:11 есебімен есе жіберді.
Еске сала кетелік, тағы бір қазақстандық спортшы Елена Рыбакина үш сет қорытындысы бойынша чехиялық Барбара Крейчиковаға 6:4, 2:6, 6:10 есебімен есе жіберген еді.
Сондай-ақ, Мельбурндегі АТР 250 санатындағы жарыста бақ сынап жатқан Александр Бублик те жарыс жолынан шығып қалды. Ол италиялық Стефано Травальядан 1:6, 5:7 есебімен жеңілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или