Australian Open: Қазақстандық теннисшілер алғашқы айналымдағы қарсыласын білді

Australian Open: Қазақстандық теннисшілер алғашқы айналымдағы қарсыласын білді

Австралия ашық чемпионаты дүйсенбіде басталады, деп жазады Prosports.kz.

Бүгін маусымның жарыстың жеребесі тартылды. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемнің 58-ракеткасы словениялық Аляж Беденемен кездеседі. Михаил Кукушкинге жеребе сәтсіз түсті. Өйткені ол әлемдік рейтингте үшінші орында тұрған австриялық Доминик Тиммен кездеседі.

Бублик сонымен қатар Андрей Голубевпен бірге жұптық сында бақ сынайды.

Айта кетейік, жаңа маусымдағы алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі Australian Open 8-20 ақпан аралығында Мельбурнде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или