Алғабеков: Жаттығу жиынына жас спортшылар да қатысып жатыр

Алғабеков: Жаттығу жиынына жас спортшылар да қатысып жатыр

Бокстан әйелдер ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиындары аяқталуға жақын.

Ұлттық құраманың бас бапкері Ерік Алғабеков жаттығу жиынының қалай өтіп жатқаны туралы айтып берді. 

- Әйелдер құрамасы Алматы облысында орналасқан "Ақбұлақ" олимпиадалық орталығында толыққанды жаттығуға кіріскен. Кезекті жаттығу жиынына осы уақытқа дейін шақырылмаған жас боксшылар да тартылды. 

Атап айтқанда, Қазақстан чемпионатының нәтижесі бойынша көзге түскен үздік жас былғары қолғап шеберлері ұлттық құрама қатарына қосылып, алғаш рет біріккен жаттығуға қатысып отыр. Жаттығу жиынының мақсаты - халықаралық турнирлерге дайындалып, әсіресе, Олимпиадалық салмақтар бойынша әлемдік додаға дайындықты пысықтау.

Сонымен қатар, жаттығу кезінде біз Сербиядағы халықаралық турнирде жіберілген қателіктермен жұмыс жасадық. Біздің команда командалық есепте бірінші орынды иеленгеніне қарамастан, әр жекпе-жекке тоқталып, талқыладық. Еске салсақ, қыздар 8 жүлде жеңіп алды, оның 5-уі алтын болды, - дейді бас бапкер.

Айта кетерлігі, 19 қаңтарда басталған әйелдер құрамасының оқу-жаттығу жиыны 5 ақпанға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или