Бокс жаттықтырушысы 16 жастағы оқушыға қол көтерген

Бокс жаттықтырушысы 16 жастағы оқушыға қол көтерген

Алматы облысында бокс жаттықтырушысы шәкіртінің мұрнын бұзып қойды. Облыстық Полиция Департаменінің дерегінше, оқыс оқиға осыдан бір апта бұрын болған.

Бірақ ол туралы енді ғана жалпақ жұртқа жария болып отыр. Еңбекшіқазақ ауданындағы жаттығу залдарының бірінде 16 жастағы оқушыны ұрды деген күдікпен бапкер қамауда отыр.

- Бұл қылмысты жасады деген күдікпен 34 жастағы ер адам ұсталды. Аталған факт бойынша «орта деңгейдегі қасақана денсаулыққа зақым келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу аясында анық-қанық жағдайлар анықталуда, - дейді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.

Сондай-ақ, тергеу кезіне күдіктінің кінәсі дәләлденсе, бапкер 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Облыстық аурухана дәрігерлері болса жәбірленушінің өміріне қауіп жоқ екенін хабарлады. Қазір амбулаториялық ем қабылдауға жіберілген деді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или