Алматыдағы бокс кешінің үш жұбы анықталды
27 қаңтарда Алматыда өтетін бокс кешінде жұдырықтасатын үш жұп анықталды.
Жеңіл салмақта MTK Global Kazakhstan Golden Contract жеңімпазы Торғынбек Әміров (3-0) пен Бектас Қасенай (4-0, 1 КО) жекпе-жек өткізеді.
Golden Contract тағы бір иегері Нұрбол Сұлтанбай (4-0, 1 КО) Нұржан Мақашбаевқа (0-1-2) қарсы қолғап түйістіреді.
Абай Төлеш (6-1, 4 КО) болса ресейлік Василией Штыкпен (2-2, 2 КО) кездеседі.
Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде Қамшыбек Қоңқабаев (2-0, 2 КО) WBO Asia Pacific белбеуі үшін Стивен Уордпен (13-1, 4КО) жұдырықтасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или