Садриддин Ахмедов қашан әлем чемпионы атанады?
Ресейдің «Лаборатория бокса» Youtube-арнасы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов қашан әлем чемпионы атануы мүмкін екенін мәлімдеді.
«Садридинге талмай еңбектеп, дами беруін тілеймін. Ол 69,9 келіде жұдырықтасады. Алдағы бір-екі жылда әлем чемпионы атануға қауқарлы деп есептеймін», - дейді арна авторы.
Қазақстандық өзінің титулдық жекпе-жегін Мексиканың Куернавака қаласында өткізді. Оның қарсыласы голландиялық Стивен Даньо (17-3-3, 6 КО) болды.
Жекпе-жек жоспарланған он раундқа созылды. Төрешілер шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или