Садриддин Ахмедовтен жеңілген боксшы кездесу туралы ойын айтты
Қазақстандық Садриддин Ахмедовтен (12-0, 10 КО) жеңілген голландиялық Стивен Даньо (17-4-3, 6 КО) жекпе-жек туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Боксшылар он раунд бойы жұдырықтасып, Ахмедов төрешілер шешімімен жеңген болатын.
«Мені ұпай бойынша жеңген қарсыласымды құттықтаймын. Мен он төрт айдан кейін рингке оралдым. Менің құндылығым өсті, енді рейтингіде жоғарырақ боламын және менің болашағыма бұдан да көп қаржы салуға мүмкіндігім бар. Жақында менің келесі жекпе-жегім туралы жарияланады», - деп жазды Данио өзінің Instagram-парақшасында.
Даньоны жеңгеннен кейін Садриддин Ахмедов бірінші орта салмақта үш титул иеленді - WBA Continental, NABF және WBC Francophone.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или