Флойд Мейвезердің блогер Логан Полмен жекпе-жегі коронавирусқа байланысты өтпейді
Бокс аңызы Флойд Мейвезер мен блогер Логан Пол арасындағы бокс өтпейді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекпе-жек 20 ақпанға жоспарланған болатын, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты оны кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды.
43 жастағы Мейвезер (51-0, 27 КО) соңғы рет 2018 жылдың 31 желтоқсанында Жапонияда өткен RIZIN шоуында жергілікті кикбоксинг жұлдызы Теншин Насукаваға қарсы жұдырықтасты. Бірінші раундта Мейвезер жеңіске жетті. Жекпе-жек көрме сипатында өтті, сондықтан ол спортшылардың ресми рекордына жазылмады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или