Шведова Мельбурндегі Yarra Valley Classic турнирінің екінші айналымына өтті

Шведова Мельбурндегі Yarra Valley Classic турнирінің екінші айналымына өтті

Қазақстандық Ярослава Шведова Мельбурндегі Yarra Valley Classic турнирінің бірінші айналымында бельгиялық Кирстен Флипкенспен ойнауға тиіс еді. AP халықаралық ақпараттық агенттігіне белгілі болғандай, Флипкенс байқауға қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Флипкенстің айтуынша, ол осы айдың басында Абу-Дабиде тобығынан жарақаттанып, сонысынан әлі жазылып үлгермеген.

Осылайша, Шведова автоматты түрде екінші айналымға шығады, оны әлемнің 18-ракеткасы, хорватиялық Петра Мартич күтіп тұр. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или