Қазақстандық боксшы Ресейде жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Станислав Калицкийдің шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz сайты.
Естеріңізге сала кетейік, Екатеринбургте өткен соңғы жекпе-жегінде Станислав Калицкий сегізінші раундта ресейлік Дмитрий Хасеновтен техникалық нокаутпен жеңілген болатын. Қазақстандық бұған дейін он жекпе-жекте жеңіс тойын тойлаған еді.
BoxRec мәліметінше, 27 наурызда Ресейде өтетін бокс кешінде Станислав Калицкий тәжірибелі жергілікті спортшы Павел Маликовқа қарсы жұдырықтасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или