Недовесов Анталия турнирінің жартылай финалына шықты
Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында украиналық Денис Молчановпен бірге Анталия челленджер турнирінің жартылай финалына шықты.
Қазақстандық-украиналық жұп ширек финалда колумбиялық Даниэль Элахи Галан Риверос пен эквадорлық Эмилио Гомеспен шеберлік байқасты. Осы жарыстың 2-ракеткасы Недовесов – Молчанов жұбы қарсыластарын 6:3, 6:1 есебімен тізе бүктірді.
Александр Недовесов пен Денис Молчанов жүлде қоры 44 820 АҚШ долларына бағаланған жарыстың финалына шығу үшін филиппиндік Трет Хьюи – нидерландылық Сэм Вербик жұбымен таласады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или