Қысқы

Қазақстан фристайлдан 2021 жылғы әлем чемпионатын өткізеді

news-banner7
mobile-news-top

7-14 наурыз күндері Алматыда фристайл могул мен фристайл акробатикадан әлем чемпионаты өтеді.

Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) ҚР Ұлттық шаңғы қауымдастығына жоспарланған FIS әлем кубогінің финалдық кезеңіне (13-14 наурыз 2021 ж.) қосымша ретінде фристайлдың могул және акробатика санаты бойынша әлем чемпионатын (8-11 наурыз 2021 жыл) Қазақстан Республикасының аймағында, атап айтқанда, Алматы қаласындағы "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортында қабылдау туралы хат жіберді.

Канаданың Калгари аймағы 2021 жылғы әлем чемпионатын қабылдай алмайтын болғандықтан, Қазақстан қысқа мерзімде ұсынысты қабылдады. «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты бұған дейін екі рет FIS Әлем кубогын өткізген. Ал биыл ол Халықаралық федерацияның күнтізбесінде әлем кубогының финалдық кезеңін қабылдаушы ретінде тізімге енді. Ірі әлемдік турнирлерді өткізудегі жоғары ұйымдастырушылық пен тәжірибені ескере отырып, әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу сеніп тапсырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер